"Жеке өмірімді талқылауға жол бермеймін": Мақпал Исабекова оқырмандарына ашуланды
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова өмір сүруді үйретіп, жеке тірлігіне араласқан оқырмандарын орнына қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/makosyai/
Өнер иесі отбасымен бірге Шымкент қаласына қоныс аударған еді.
“Шыдамның де шегі бар. Менің жеке шегарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таңғаламын. Жеке өмірім мен отбасымды талқылауға жол бермеймін. Мұндай жағдайда мен дөрекілік танытып, қатыгез боламын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын, маған ол қызық та емес. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса, мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалғаныңыз жөн", – деп жазды өнер иесі.
-
"Біз сені күтеміз": Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растады
-
"Кітап жазып шығамын": Мақпал Исабекова желіде жан сырын ақтарды
Айта кетейік, әнші жеке өміріндегі сырды толық ашпай, жолдасы жөнінде екіұшты пікір қалдырған еді.
“Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. Қайда? Көрсет! Бар ма өзі?! Неге салмайсың? Ажырастың ба? Не істейсіздер біреудің байын?!” – деп жазған еді әнші.
Еске салайық, эстрада жұлдызы аяғы ауыр кезінен фотосессия кадрларын жариялаған еді.