“Дженифер Лопес жолда қалды”: Аяғы ауыр Мақпал Исабекова желіде фотосессия кадрларын жариялады
Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова желіде екінші жүктілігі кезін түсірген фотосессия бэкстейджін жариялады. Жұртшылық әншінің образын талқыға салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото әншінің Instagram парақшасынан
Әнші Instagram-дағы парақшасында: "Балалы болуды армандаған әр әйелге ана болу бақыты бұйырсын" деп жазды.
Жазылушылар түрлі пікірлер жаудырды.
“Жүкітілік ажарландыра түскендей”, “Қыз болады-ау”, “Rihanna-ға ұқсайды”, “Дженифер Лопес жолда қалды”, “Тағы да ұл болады”, “Тіл көзден сақтасын”, – деді пікір қалдырушылар.
Еске салсақ, екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растаған еді.
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.