Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жазылмаған дәстүр еді": Қыдырәлі Болман шаңырақ көтерген сәтін есіне алды

Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болман жары Қарақат Әбілдинамен шаңырақ көтерген жылдардағы сәтті бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kydyrali_bolman/

Айта кетейік, 1997 жылы өнерлі жұп бас қосып, Алматыда дүркіретіп той өткізген еді. Қос өнерпаздың жас айырмашылығы – 12 жас. 

“Алматыда үйленгендер біледі. Той алдында міндетті түрде Медеу мұз айдынына бару – жазылмаған дәстүр еді. Үйлену тойымызға қарап отырып, неше түрлі ойға батып, достарың мен сол кездегі түрлі бастан кешкен әсер еске түседі. От болып жанып тұрған кездер-ай! Ерке кездер-ай”, – деп сағыныш жазбасын арнады. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сол кездегі шаңырақ көтерген жылдарын еске алып, тойдың қызықтарын бөлісіп жатыр. 

“Ерлан Көкеев пен Медеу Арынбаев еш өзгермеген”, “Қарақат қуыршаққа ұқсап тұр”, “Біз де үйленгенде Медеу айдынына барып, фотоға түсіп қайтып едік”, “Рекетир” киносындағы Аман жүр”, “Керемет сәттер екен”, “Қазақ демографиясына үлес қосқан өнерлі отбасы”, – деп жазып жатыр көпшілік. 

Еске салайық, Вьетнамға отбасымен демалысқа аттанған Қыдырәлі мен Қарақат балаларын сабақтан қалдырғаны үшін сынға қалғанын жазған едік. 

 

Талқылау