Жауын жауып, жел соғады: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіліп, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағаймен, екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болады деп болжанады.
Солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елде тұман, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді