Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады: "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың дерегіне сүйенсек, оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.
Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында түнгі ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді. Елдің солтүстік-батысында 3-15 градус аяз, солтүстігінде 5-20 аяз күтіледі.
Ал шығыста және орталықта 3-18 градустан 13-25 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте -8-5 градустан 5-10 градусқа дейін жылынады.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"