"Жауын-шашын мен көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалысқа арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: freepik.com
Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 12-15 ақпанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Ол шығыс бағытқа қозғалған сайын жаңбыр мен қар жауып, борандар болады. Дегенмен ел бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына әсер етеді.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклондардың әсерінен атмосфералық фронтальды толқындар өтеді, сол себепті осы өңірлерде бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар жауып, ауа райы тұрақсыз болады. 14-15 ақпанда күшті жауын-шашын жауады деп болжанды.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ байқалып, тұман болады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады