Жастарға арналған 2,5%-дық несие қашан беріледі?
2023 жылдың наурызынан бастап жастарға арналған 2,5%-дық несие беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар вице-министр ақпанда тиісті келісімдерге қол қойылатынын айтты.
“Оның мерзімі бар. Осы айда жергілікті атқарушы органдары және Қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Келесі айдан бастап кредит беруді бастаймыз. Ешқандай проблема жоқ. 2,5%-дық несие 5 млн теңгеге дейін беріледі”, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.
Еске салайық, былтыр президент 1 қыркүйектегі жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беруді тапсырған еді.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған