Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасыл жана салысымен жүруге болмайды: Жаяу жүргіншелерге бағдаршамнан өтудің жаңа ережесі енгізілмек

Қазақстанның ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамнан өтудің жаңа ережесін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Қазір ашық талқылаудағы өзгерістер қабылданса, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда да жолдан өтуді шектейтін норма енгізілмек. Нақтырақ айтқанда, жаңа ереже бойынша бағдаршамның жасыл түсі жанғанның өзінде екі жақтан да көлік тоқтағанына көз жеткізбейінше, жүруге рұқсат жоқ. Бағдаршамның жасыл түсіне үлгеремін деп үлкен жылдамдықпен келе жатқан көліктің іркілмей өтіп кетуіне басымдық беріледі. Яғни жаңа ереже қабылданса, жасыл жанды екен деп жаяу жүргіншілердің бірден жүріп кетуіне тыйым салынбақ. 

“Бағдаршамның рұқсат беру сигналы жанған уақытта жаяу жүргінші өзінің қауіпсіздін қамтамасыз етуі керек. Себебі, көп жағдайда жаяу жүргінші бағдаршамның белгіленген жасыл түсі жанған уақытта жан-жағына қарамай жолға шығып кетеді. Ол уақытта қозғалысты бұрын бастаған көлік құралдары маневрды аяқтауына және көз жеткізбестен жолға шығады. Сол себептен біз осы тармаққа түзетулер енгізіп отырмыз”, – деді ІІМ ӘПК аға инспекторы Таңат Асылжанов.

Жол қозғалысына түзету енгізу былтыр қараша айында басталған. Өкілетті органдар бұл ереженің егжей-тегжейін әлі пысықтап жатыр. Дегенмен кейбір сарапшы "бұл піспеген, шикі заң жобасы" деген пікірде.

“Бұл жаңа заң жобасымен адамдарды шатастырамыз. Не істерін білмей қалады. Ал жүргізушілердің, былайша айтқанда, құзіреті кеңейеді. Ешкімді өткізбесем болады деген оймен көлігін жүргізеді. Ең басты мәселе — осы заң жобасын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қалай жеткіземіз? Қиын ереже. Ал оны қалай қадағалаймыз? Полицияның басқа да шаруасы жетіп жатыр ғой”, – дейді автосарапшы Алексей Алексеев. 

Ішкі істер министрлігі түзетулердің әлі қабылданбағанын, қоғамдық талқылауда шешім қабылданатынын жеткізді.

Талқылау