"Жасанды тапшылық": Алматы вокзалының басшысы қызметінен уақытша босатылды
"Қазақстан темір жолы" жолаушылардан билеттерді заңсыз қайта сатуға қатысты бірнеше рет шағым түскенін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақстан темір жолы
"Алматы-1 вокзалында билет сатушылармен күрес аясында ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ өкілдерін жұмылдыра отырып, жеке тексеру жүргізді. Тексеру барысында билеттерді заңсыз қайта сату және теміржолда жасанды тапшылық туғызу фактілері анықталды. Билеттерді сатқан жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары белгілі болды", – деді баспасөз қызметі.
Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді.
"Вокзал басшысы зерттеу жасалып жатқан кезде қызметінен уақытша шеттетілді. Оның қызметіне сәйкестігі туралы мәселе қаралып жатыр. Жеке касса жұмысы тоқтады. Елдегі бүкіл вокзал аналитикалық тексеруден өтеді", – деп қосты баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін елімізде әзірге жолаушылар пойызының билетінің құнын көтеру жоспарда жоқ екені айтылған. Алайда көлік министрі Марат Қарабаев теміржол тасымалының құнын көтеру арқылы ҚТЖ-ға мемлекеттік қаржыландырудан құтылуға көмектесуге болатынын айтты. Билет бағасы жолаушылар тасымалының шығынының бір бөлігін жаппайтындықтан мемлекет теміржол тасымалын субсидиялауға мәжбүр.