Жас семсершілеріміз әлемдік рейтингте үздік үштікте
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді. Отандастарымыз Гонконгте өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде рейтингте үздік үштікке енді. Богдан Лукин, Георгий Тинников, Нұржан Әбжанов және Кирилл Проходов күміс медаль жеңіп алып, нәтижесінде біздің құраманың әлемдік рейтингте үшінші орынға шығуына ықпал етті.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық семсершілердің Канадада өткен Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ

