Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек қорқытып ұстап отырған күйеуінен қалай қашып кетерін білмей жүр

Жас келіншек күнде ұрысып, арасында ұрып жіберетін күйеуінен қалай кетерін білмей жүр. Әйелінің ажырасқысы келіп жүргенін естігеннен кейін күйеуі оны үркітіп-қорқытумен үйде ұстап отыр екен.

женатый

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Тұрмысқа шыққаныма үш жыл болды. Арамызда екі бала бар. Үлкен ұлым кемістікпен туды. Бірақ, мәселе күйеуіммен бірге тұрғым келмейтінінде болып тұр. Күнде ұрысып, арасында қол көтереді. Ақшаның жетіспеушілігі де жүйкені жұқартып жіберді. Күйеуім соңғы кезде қатты қатыгез болып кеткен, айналасындағылардың барлығымен өштесіп тұрады. Кетуге шешім қабылдаған едім, ұрып-соғып, сөзбен қорлап үйден шығармай қойды. Енді не істесем болады? Мен онымен арпалысып өмір сүргім келмейді. Оның орнына бар уақытымды үлкен ұлымды емдетуге жұмсасам деймін. Күйеуімнің жалақысы аз болғандықтан, майда-шүйде заттар сатып күн көріп жүрмін. Ашуланбаса балаларын сүйіп, бәрімізге қамқор болады. Ұрып, ұрысып алады да, артынша бұл әрекетін қайталамауға сөз береді”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек қайын інісіне опасыздық жасаған абысынын жөнге сала алмай жүр

Келіншек сыртынан күйеуіне екінші әйел алып қойған ата-енесіне ренжіп жүр

Келіншек өзінен 15 жас кіші қыздармен опасыздық жасайтын күйеуінен құтыла алмай жүр

Бойжеткен оралман жігітімен қосылуға тыйым салған әке-шешесіне ренжіп жүр

Талқылау