"Жас бай менің теңім емес": Меруерт Түсіпбаева қашан тұрмысқа шығатынын айтты
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балам негізі ашылып әңгіме айта бермейді. Нағыз еркек мінезді, танымал болғанды да мүлдем қаламайды. Сондықтан екеуміздің арамызда ашылып айтатын әңгімеміз көп емес. Жақында: “Мама, қашан тұрмысқа шығасыз?” – деді. Шетелде жүргендіктен бе, бұл жағдай оны алаңдатады, сеземін. Мен сөз таппай қалдым, сосын біраз үнсіздіктен кейін: “60-қа келгенде” дедім. Балам ойлы көзбен маған бір қарап (түңілгендей): “Ол тым кеш қой” деді. “Ұялған тек тұрмас” деген. “Неге? Қарашы, Роза Қуанышқызы қалай жас көрінеді”, – дедім. Жауабым балама ұнамады білемін. Сонымен, бұл тақырып жылы жабылды. Бұл жер бетінде менімен кәрілікті дәл осылай бөлісетін адам табылар деп сенемін”, – деп ұлымен болған әңгімесімен бөлісті өнер иесі.
Сондай-ақ әншінің жеке өміріне алаңдаушылық білдірген оқырман да бар екен. Меруерт Түсіпбаева тыңдарманның сауалдарын назардан тыс қалдырмады.
“Сізге күйеу болатын адамның жүрегінің түгі болу керек шығар” деген пікірмен әнші: “Иә оныңыз рас” деп келіскенде болды. “Алла бұйырса, бір жігіттің бағы болайын деп тұрсыз” деген оқырманға ол: “Жігіт демеңіз, жас бай менің теңім емес. Маған 8-9 жас үлкен азамат керек”, – деп жауап берді.

"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады