Жас ауыр атлеттеріміз әлем чемпионатында өнер көрсетеді
Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасы Перуде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
22-26 мамыр аралығында Перу астанасы Лимада 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты бастау алды. Әлемнің 51 мемлекетінен 284 зілтемірші бақ сынайтын додада Қазақстан құрамасының спортшылары да сынға түседі. Аталған сында қазақстандық 9 спортшы өнер көрсетіп, әлем чемпионы атағына таласады. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:
Ерлер:
Ақжол Құрманбек (67 келі)
Әли Медетбаев (73 келі)
Нұрдос Сабыр (89 келі)
Бекболат Қали (96 келі)
Дидар Абдулла (102 келі)
Еділ Асқаров (+102 келі)
Әйелдер:
Дарья Балабаюк (59 келі)
Аянат Жұмағали (76 келі)
Сәния Орманбаева (81 келі)
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғаш рет ауыр атлетикадан олимпиада ойындарына қатыспайды.
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты
Калия: "Дәрігерлер ата-анама “жаназаға дайындала беріңдер, тек бір аптадай өмірі қалды” деген"

