Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі кинодағы ашық сахналар туралы айтты
Танымал продюсер Баян Алагөзованың жиені, Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбек “Оян” бағдарламасында фильмдегі ашық сахналарға еш қиналмай түсетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/aidar__askarbek
Тілшінің “Ашық сахнаға түсу қиындық тудырмай ма?” деген сауалға актер: “Ашық сахна дегенде сүйісуді меңзеп тұрсыз ғой?! Жоқ, ешқандай қиындық тудырмайды. Серіктесің әдемі, сұлу болса, қалай қиындық тудыруы мүмкін”, – дейді Айдар Асқарбек күліп.
Бірінше некесі сәтсіз аяқталған актерге екінші рет шаңырақ көтеру жайлы сұрақ қойды. Алайда Айдар бұл сауалға жауап беруден бас тартты.
Айдар Асқарбек әлеуметтік желіден қыруар қаражат табатынын да жасырмады.
“TikTok желісінде тікелей эфирде отырып орта есеппен айына 2-7 миллион теңге аралығында табыс табамын. Ол менің желіге қанша мәрте кіруіме және уақыт бөлуіме байланысты”, – дейді актер.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған