Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызымды көре алмай жүрмін": Актер Айдар Асқарбек алғаш рет отбасы туралы айтты

Отандық телехикаялар арқылы танылып, көрерменнің көңілінен шыққан актер Айдар Асқарбек жеке өміріндегі даулы мәселеге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Taboo” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

©instagram.com/jarkynaixanaiym/aidar__askarbek

Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайымның қарым-қатынасы кинода бастау алып, отбасылық өмірге жалғасқан. Қос өнерпаздың бір қызы бар. 

“Тағдырдың жазуымен екеуміз бөлек кеттік. Осы күнге дейін жеке өмірім туралы сыр ашпадым. Шынымды айтсам, біздің отбасының өмірі дәл осындай ел аузында талқыланады деп күтпедім. Жақында Жарқынайдың сұхбатын көріп, көп сөзі бұрмаланған, жалған екенін білдім. Бірден айтайын, қарым-қатынасымыздың тоқтауына “Раузаның” екінші маусымындағы сүйісу сахнасының еш қатысы жоқ. Бірақ Жарқынай оны түсінгісі келмейтін секілді. Біздің отбасымыздың іргесі оның алдында-ақ ажырап жүргенін байқадым. Өте көп келіспеушілік болды. Тіпті сол жобаның авторы әрі продюсері Баян Мақсатқызының ажырасуға қатысы бар деген қауесет шықты. Мұның бәрі бос сөз”, – дейді актер. 

Сондай-ақ бірінші некесіндегі қызымен де қарым-қатынасы туралы айтып өтті. 

“Қазір қызым Астанада анасымен тұрады. Ең жүрегіме ауыр тиетін тақырыптың бірі. Айына бір рет көріп тұрсам қуанамын. Бірақ оның өзі соңғы уақытта мұңға айналып кетті. Астанаға қанша барып тұрсам да, көре алмай кеттім. Сәби болғасын көп нәрсені түсінбейді. Бұл тақырыпта сөйлесу маған ауыр”, – деп қысқа қайырды. 

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасын Taboo бағдарламасынан көруге болады. 

Талқылау