Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылып кете жаздаған: Учаскелік инспектор зейнеткер мен газ баллонын отқа оранған үйден шығарған

Алматы облысында зейнеткер әжей өз пәтерінде тірідей өртеніп кете жаздады. Кейуананың даусын естіп, көршілері мен учаскелік инспектор құтқаруға келген. Қайсар қызметкер отқа оранған үйден қария мен қызып тұрған газ баллоның құтқарушылар келгенше сыртқа шығарып үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жарылып кете жаздаған: Учаскелік испектор зейнеткер мен газ баллонын үйден шығарған

«Түнгі 3 шамасында ұйықтаған едім, алайда бір сағаттан соң күйіктің иісін сезе бастадым. Не болғанын бірден түсінген жоқпын. Төсектен тұра салып, отты өз күшіммен өшіруге тырыстым», - дейді Роза Лобова.

Өрттің шығу себебі электр желісінде болуы мүмкін: қарт әжейдің үйіндегі тоқтардың бірі жанып кеткен. Зейнеткер пайда болған отты өзі сөндіруге тырысқан, бірақ қолынан келмепті. Түтінне уланған ол біраз уақыттан кейін есінен танып қалған. Оны құтқаруға учаскелік инспектор келген көрінеді. Ол әжейді, артынша қызып тұрған газ баллонында сыртқа алып шығарған. Соның арқасында жарылыстың алдын алуға мүмкін болды. Әжейді құтқарамын деп жүріп тәртіп сақшысы қолын күйдіріп алыпты. Өрт сөндірушілер келіп үлгергенше бөлмелердің бірі түк қалмай жанып кеткен. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. 
«Өрт алған үйге келе салысымен дереу тұрғындардың сыртқа шығуына жәрдемдесе бастадым. Сосын өрт шыққан екінші қабаттағы үйлердің біріне көтерілді – есігі жабулы екен. Артынша оны күшпен ашып үйге кірсем, ас үй мен жуанатын бөлменің арасында құлап, есінен таңып қалған зейнеткерді көрдім», - деді Алматы облыстық полиция департаменттігінің учаскелік инспекторы Ербол Аманбаев.

Талқылау