Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейде жарық сөндіріледі": Қырғызстан электр энергиясын үнемдеу шарасын енгізді

Қырғызстанның ұлттық электр желісі жарық беруде қысқамерзімді үзілістер болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Кабар" агенттігіне сілтеме жасап.

сірінкеКәсіпорын мәліметінше, қатты суық салдарынан электр энергиясын тұтыну біршама өскен. Бұл электр желісі жабдығына шамадан тыс жүктеме түсіреді. Күрделі апаттар мен энергетикалық жабдықтың істен шығуын болдырмау үшін арнайы шаралар жүргізіле бастады.

Бұған дейін қай ауданда, қай уақытта электр энергиясы көп тұтынылатынын хабарлау мүмкін емес еді. Дегенмен, соңғы тәуліктегі шамадан тыс жүктемеге байланысты үзілістерді талдағаннан кейін, қандай аймақтарда артық жүктеме және қысқамерзімді үзілістер күтілетінін анықтау мүмкіндігі пайда болды. Аймақтық электр желілері абоненттерді қысқамерзімді үзілістер туралы хабардар етеді.

Ауа температурасының шамадан тыс суық болуына байланысты "Қырғызстан ұлттық электр желісі" АҚ бірқатар шараларды қолға алды:

- компанияның орталық аппараты басшылығының, барлық филиалдар басшыларының, сондай-ақ жауапты мамандар кезекшілігі ұйымдастырылды;

- объектілерде персоналдың қосымша түнгі ауысымы ұйымдастырылды;

- төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел жою схемасын әзірлей отырып, авариялық жөндеу бригадасы дайындалды;

- жөндеу бригадалары көліктермен және қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілген.

Компания төтенше жағдайларды болдырмау үшін халықты жағдайға түсіністікпен қарауға және электр энергиясын үнемдеуге шақырды.

Талқылау