Жарасымды жұп: Жарқынай Ханайым жас жігітпен көзге түсті
Жарқынай Ханайым ерекше образымен елді таңғалдырды. Актриса
ажырасқаннан кейін де өмір бар дегенді меңзегендей. Жас актриса Айдар Асқарбекпен қарым-қатынасын үзген соң өзін-өзі мықтап қолға алды.

Актриса сұлулық салонына барып, ринопластика жасап, жұмысына кірісті. Бұл ретте өнер иесі қызының тәрбиесін де ұмытпай, кішкентай Айланаға да уақыт бөліп үлгереді.
Жарқынай жас әнші Нұрсұлтан Әбдікәрімовпен бірге кеш жүргізуге шақырту алды.
“Тағы да, тағы, тағы да,
Тағы да сына, білгішім.
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!” – деп өлеңдетті ол.
Жарқынай ұзын мерекелік көйлек киіп, кеште ең әдемі болып шықты. Оны жас орындаушымен бірге көрген жанкүйерлер Жарқынай мен Нұрсұлтанның өте жарасымды көрінетінін және әдемі жұп деп айтуға әбден болатынын бірден байқады.
Өнерпаздар жай ғана әріптес екені анық, бірақ желі қолданушылары жұлдызды жұптың бір-біріне тең екенін айтып жатыр.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі