AAPL
138.2 $
-3 %
TSLA
265.25 $
-1.1 %
NDAQ
56.68 $
-0.75 %
GOOGL
95.65 $
-1.82 %
FRHC
49.11 $
-1.74 %
AAPL
138.2 $
-3 %
TSLA
265.25 $
-1.1 %
NDAQ
56.68 $
-0.75 %
GOOGL
95.65 $
-1.82 %
FRHC
49.11 $
-1.74 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жапан далада әлсіреп өлді деген": Атырауда әскерден бір айдан кейін үйіне қайтуы керек сарбаз қаза тапты

Атыраудағы шекара қызметінің 2016 әскери бөлімінде Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрбек Ерғалиев белгісіз жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сарбаз

Нұрбек Ерғаливтің өлімі туралы ақпарат алғаш әлеуметтік желіде пайда болды. Ол бір айдан кейін борышын аяқтап, үйіне оралуы тиіс болған. Алайда 18 тамыз күні жақындарына оның табыты жеткен.

"Әскерге борышын өтеуге кеткен ақтаулық сарбаз 2003 жылы туған Ерғалиев Нұрбек Наурызұлы 2022 жылдың 18 тамызында үйіне табытпен оралды. Ол әскерге былтыр күзде кетті, үйіне оралуға 1 ай қалған екен. Түнде инстаграмыма сарбаздың туыстары хат қалдырыпты", – деп жазады Бибігүл Рамазан Facebook парақшасында. 

Туыстарының мәліметінше, бес сарбаз нарядтан түсіп келе жатқанда көліктері сынған. Үш сарбаз бұзылған көлікте қалып, марқұм Нұрбек пен командирі көмек сұрау үшін ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп кеткен.

“Сарбаз мәйітханада жатыр. “Жолда әлсіреп басымыз айналып құстық, Нұрбектің аяғы жүрмей, әлсіреп өліп қалды” депті командирі. Қасындағы жігіт жолға шығып жаттым, көмек келді депті. Сарбаз күндіз қайтты, үйіне қаралы хабарды түнгі 3 те жеткізді. 15 тамыз күні сарбаздардың әлеуметтік желідегі группасынан Нұрбек шығып кеткен, ол да белгісіз сұрақ? Нарядқа кеткен сарбаздар ішке келмеген соң, сағат 12:00-де артынан іздеп, екі көлік жібердік, кешкі сағат 6 кезінде сарбаздар табылған. Оқиға 80 шақырым жерде болған. Сонда сарбаздар таңертең нарядқа кетіп, көлік бұзылса, қолдарында 7 литр су бола тұра, неге отыра бермейді" деген туыстарының жазбасы желіде тарап жүр”, – деп жазған әлеуметтік желіде. 

Сарбаздың өлімін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметі растап отыр. 

“17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек көз жұмды. Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша "кенеттен болған жүрек өлімі" анықталды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Комитет қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдауда”, – делінген ҰҚК шекара қызметінің мәлімдемесінде. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр