Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Қазақстандағы бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыда өтетін титулдық жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.

Отандасымыз 11 желтоқсанда венесуэлалық Энрике Луиске қарсы жекпе-жек өткізеді. Олар IBO Intercontinental белбеуіне таласады.
Тұраров өзінің Instagram желісінде бейне хабарлама жазды.
"Тарихта тұңғыш рет DAZN Қазақстаннан хабар таратады. 11 желтоқсанда "Алматы аренасына" келіп, қазақтарымызды қолдаңыздар!" – деді Тұраров.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

