Жәния Бекмұхамбетова Италиядағы турнирде топ жарды
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз 11 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп, қарсыластарынан басым түсті. Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде топ жарған еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

