Жәнібек Әлімханұлының нокауты 2022 жылғы үздіктер қатарына шықты
Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың ең үздік нокауттарының қысқаша тізімін жариялады. Оның ішінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының да соққысы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының британдық Дэнни Дигнуммен жекпе-жегінде орындаған нокауты үздіктер қатарында болды. Бұл жекпе-жек мамыр айында өткен болады. Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Одан кейін осы жеңісінің арқасында орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпионның белбеуіне ие болды.

Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
