Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде WBC чемпионын мазақтап пікір қалдырды
Фото: Тұрар Қазанғапов
Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы өзіне басты бәсекелес саналатын Карлос Адамеске тағы да шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Доминикандық боксшы — WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы.
Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында қарсыласының жекпе-жектен қашып жүргенін меңзеді.
"Біреу қорқақты көрді ме? Егер тапсаңыздар, соған келісімшартқа қол қойсын деп айтыңыздар!", — деп жазды Жәнібек X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Айта кету керек, бұған дейін Карлос Адамес те Жәнібекке айып таққан болатын. Ол өз командасы келісімшарт жолдағанын, алайда қазақстандық чемпион құжатқа қол қоймағанын мәлімдеген. Дегенмен, Адамес бұл сөзін растайтын нақты дәлелдер келтірмеді.
Жанкүйерлер екі чемпион арасындағы ықтимал жекпе-жектің тағдырын тағатсыздана күтіп отыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

