Жаңбыр жауып, жел тұрады: Еліміздің 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
28 сәуірде Қазақстанның төрт облысында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын күтіледі. Батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі.
Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр