"Жаңбыр жауып, найзағай соғады": Елімізде алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Болжамға сәйкес еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.
14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. 16 мамырдан бастап республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды. Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Бұған дейін Атырау облысында шұғыл түрде қосымша қорғаныс бөгеті салынып жатқаны туралы жазған едік.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
Қыркүйекте доллар құны қалай өзгереді – Сарапшылар қаржы нарығына болжам жасады
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай доллардың алдағы уақытта жағдайы бойынша пікір білдірді.