Атырау облысында шұғыл түрде қосымша қорғаныс бөгеті салынып жатыр
Атырау облысының Индербор ауылында қосымша қорғаныс бөгетінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Үйінді құрылыс учаскелерінің бірінде су жинала бастаған.
“Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Серік Шапкеновтың үйлестіруімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға құтқарушылар топтары, ТЖМ әскери қызметшілері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Атырау облысында Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп келе жатқаны туралы жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды