"Жаңбыр жауып, күн суиды": Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 23-25 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфера фронттарының әсерінен найзағай соғып, жаңбыр жауады. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады.
Тек аптаның басында антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғып, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.
Арктикалық ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градусқа төмендейді. Ал күндіз 3-13, орталықта түнде 0-5 аязға дейін төмендейді. Күндіз 5-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан