Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалованың күйеуі кім екені белгілі болды

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалова астаналық келін атанды. Тойда түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіге тарап, көпшілік күйеу жігітті сөз қылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің таңдауы Ілияс есімді ер азаматқа түскен. Ақтөбе қаласының тумасы бүгінде елордада тұрады. Желі қолданушылары күйеу жігітті үкіметте қызмет ететін, шенділердің бірі деп топшылады.

Жанарды өнердегі әріптесі Мәдина Сәдуақасованың өзі ұзатты. Басқа эстрада жұлдыздары да қалыңдықты құттықтап, жылы лебіздерін арнады.

“Менің Жаконям ұзатылды. Енді Астананың келіні. Ілияс, қондырған құсың құтты болсын. Бақытты болыңдар. Шын жүректен құттықтаймын”, – деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Маржан Арапбаева да Жанарға ақжарма тілегін арнап, тілекші екенін білдірді.

“Жанардай ару қызымыз, ұзатылып, өз ұясына қонды. Барған жерде бағын ашылсын жаным. Сен бақытты болуға лайықсың, сол үшін сүйіп қосылған жан-жарынмен мәңгілік бірге болып, өсіп-өне беріндер! Бақыт тілеп қояйық! Жанарды ұзату үшін арнайы Алматыдан ұшып келген Мадинадай ана, жар бол жаным”, – деп жазба жариялады өнер жұлдызы.

Желі қолданушылары да биыл эстрада жұлдыздары үшін құтты жыл болғанын атап өтті.

“Еркенің аяғы жеңіл екен”, “Биыл қыздарымыздың бағы жанды”, “Осы жыл “KeshYou” тобының қыздарына сәтті жыл екен. Бәрі тұрмысқа шығып жатыр”, “Қыздарымыз орнын тауып жатыр”, – деп пікір қалдырды желідегілер.

 

Талқылау