Жаңа iPhone 15 смартфондарының бағасы белгілі болды
Көпшіліктің қызығушылығын тудырған жаңа iPhone 15 смартфондарының бағасы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет Apple компаниясының ресми шығарылымынан
Жақында елімізде iPhone 15 смартфондарының ресми сатылымы басталады. Осыған орай жаңа үлгілердің құны белгілі болды:
- iPhone 15 128 ГБ – 569 990 теңге;
- iPhone 15 Plus 512 ГБ – 859 990 теңге;
- iPhone 15 Pro 1TB – 1 069 990 теңге;
- iPhone 15 Pro Max 1TB – 1 144 990 теңге тұрады.
Еске салсақ, бұған дейін iPhone 15 гаджетін алғаш сынап көрген пайдаланушылар сериядағы барлық телефонның қызып кетуіне шағымданғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін Apple компаниясы осыған орай ақауды мойындап, қатені түзетуге уәде берген еді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді