Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқаштағы жағажайлардың бірінде ер адам ресейлік туристі соққыға жыққан

жағажай
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Балқаштағы “Тұлпар” демалыс аймағы маңындағы жағажайда ер адам соққыға жығылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған жағдай 31 шілде күні  болған. Мән-жайды жәбірленушінің сүйіктісі Рада Пак мәлімдеді. Қыз жігіті Иван Гербермен бірге Санкт-Петербургтен Қазақстанға анасының туған күніне келген. Олар 31 шілде күні сағат 15:30 шамасында SUP-тақтаймен серуендеп болған. Содан кейін жағажайда бейтаныс ер адам олардың ескегін алып қойған. Екеуінің қайтару туралы өтінішін елемеген.

Жәбірленуші тараптың мәліметінше, осыдан кейін ер адам Иван Герберді сол металл ескекпен ұра бастаған. Айналадағы адамдар жанжалды тоқтатуға тырысқанымен, шабуыл жалғасқан.

Күдікті ер адамды ескек сынған соң жұдырықпен ұрып, аяқпен тепкілеген. Тіпті басынан да соққы жасаған. Жағдайға маңайдағы куәгерлер араласып, төбелесті тоқтатқан.

Оқиғадан кейін жәбірленушілер жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Рада Пактың айтуынша, Иван Гербердің мұрын сүйегі сынып, жақ сүйегі жарақаттанған. Бұдан бөлек, басының бір бөлігінің сезімталдығы жоғалып, денесінен көгеру мен басқа да жарақаттар анықталған.

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Оралдағы түнгі клубтардың бірінде үш ер адам бір азаматты соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2026 15:19