Жәмила Бақбергенова Испаниядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Испаниядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында ғана Венгрияда өткен рейтингілік турнирде топ жарған Жәмила Бақбергенова Испанияның Мадрид қаласында өткен Гран-при турнирінде сынға түсті. 72 келіде белдескен балуанымыз финалда америкалық Кайл Уолкермен белдесіп, 0:5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Бақбергенова Гран-при турнирдің күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ Эльмира Сыздықова 76 келіде, Ирина Казюлина 65 келіде күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық балуанға Париж олимпиадасының жолдамасы тарту етілді
Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасына 8 жолдама бар. Соның төртеуін “классиктер” иеленсе, төртеуін еркін күрес шеберлері жеңіп алған.
Депутат белсенді биологиялық қопалар онкология тудырады деп мәлімдеді: Бұл қаншалықты рас
Маман: "Салдарлары ұсынылған дозадан асырып қолданумен байланысты"
Қазақстанда 2025 жылы қанша сәби дүниеге келіп, қаншасы көз жұмды – Балаларға қатысты статистика
2025 жылы Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді

