Жамбыл облысында алаяқ әйел жүзге жуық адамның үстінен несие рәсімдеп тастаған
Жамбыл облысында алаяқ әйел жүзге жуық адамның сеніміне кіріп, олардың аттарынан несие алып тастаған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 30 миллион теңгеге жуықтайды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Шу аудандық соты әйелді алаяқтық, бөтеннің мүлкіне қол сұғу бойынша айыпты деп таныды. Ол 2010 жылдан бері адамдардың сеніміне кіріп, оларды несие алуға мәжбүрлеген. Ол адамдарды келешекте несиені өзім төлеймін деп сендіріпті. Осылайша алдау жолымен 97 несие бойынша адамдардан 30 млн теңгені жымқырған.
Сот оның мүлкін тәркілеп, 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Оқи отырыңыз:
Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған
Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен
Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр
Атырауда әйелдер колониясы басшысының орынбасары парамен ұсталды
Қазақстандық компаниялардың акциялары соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда
Қазақстандық бір кездері бәліш сатып, бүгінде жасанды интеллект көмегімен миллиондаған табыс тауып отыр
Маркетологтан кәсіпкерге дейін: тараздық жігіттің 450 миллион теңгелік бизнесі