Жамбыл облысында вандалдар зиратқа ұрлыққа түсті
Жамбыл облысындағы Рысқұлов ауданында зираттағы темір қоршауларды ұрламақ болған екі ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары алдын ала келісіп, ұрлыққа түспек болған. Енді олар "Қылмысқа оқталу" және “Бір топ адам жасаған ұрлық" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сонымен қатар тергеу барысында күдіктілердің Талас облысындағы бейіттерден қоршау ұрлауға қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Полиция күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Бұған дейін Қарағандыда майнинг құрылғысын ұрлағаны үшін іздеуде болған полицей бір жылдан кейін өз үйінде ұсталған еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"