Оқиға Жуалы ауданының таулы жаяу әскер полкінде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі кезінде болды. Сарбаздарды көруге олардың туыстары мен жақындары келді. Солар үшін тәжірибелі әскери қызметкерлердің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Шартты әскери қызметкерлер әртүрлі дағдыларын көрсетіп, басына шыны бөтелкені ұрып, сындырған. 24 жастағы Жақсылық Молдақұл соны қайталаймын деп бір көзінен айырылды. Әскери қызметкер дереу Тараздағы емханаға жеткізілді. Оның көзіне ота жасалды.
Жамбыл облысында ант беру рәсімінде әскери қызметкер басына шыны бөтелке жарып, көзінен айырылды

Фото: Видеодан скрин
Жамбыл облысында әскери қызметкер ант қабылдау рәсіміне орай ұйымдастырылған бас қосу кезінде бір көзінен айырылды. Әскери қызметкер басқалар секілді басына шыны бөтелке ұрып, сындырған. Алайда бұл әрекетінен соң әскери қызметкер аураханадан бір-ақ шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Болған жағдайдан кейін біз оны дереу Тараздағы медициналық мекемеге жеткіздік. Қазір әскери қызметкер сол мекемеде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Қазір біз оқиғаның мән-жайын анықтап, қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз. Біз өз адамдарымызды ешқашан тастамаймыз”, – дейді таулы жаяу әскер полкының командирі Бауыржан Есалы.
Екінші көзге қатысты дәрігерлер әзірге ештеңе айта алмай отыр. Белгілі болғандай, әскери қызметкер бойдақ. Ол әскерде алты жыл қызмет етіп келеді, оның бесі келісімшарт бойынша.
Жақсылықтың айтуынша, бұрын мұндай трюкты бірнеше рет жасаған, бәрі сәтті аяқталған. Ал бұл жолы не болғанын өзі де байқамай қалған. Оның қазіргі бар арманы – көзінің көріп кетуі.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді