AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбас сүйегі мен қолдары сынған: Қарттар үйінде 87 жастағы қария ауыр жарақаттардан көз жұмды

Қызылжарда қарттар үйінің 87 жастағы тұрғыны ауыр жарақаттан көз жұмды. Қарияның туыстары болған оқиғаға мекеме қызметкерлерін кінәлі деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қарттар үйіндегілер оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеген. Марқұмның жамбас сүйегі мен қолдары сынған, өкпесі қабынған, сондай-ақ тұла бойы көгерген. Осылайша 87 жастағы Александра Панкова ауруханаға ауыр жағдайда түскен. 

Дәрігерлер қарияның өмірін сақтап қала алмады. Марқұмның немересі Татьяна Менщикова оны осындай жағдайға қарттар үйінің қызметкерлері жеткізді дейді.   

"Ауруханаға түрлі дене ісіктерімен түскен. Дәрігерлер оның арқасында үлкен тесік болғанын айтады. Біз оны қарттар үйіне апарған кезде бір де бір жарақаты болған жоқ. Соншама кімнен, я болмаса неден жәбір көргенін түсіне алар емеспіз", – дейді марқұмның немересі.

Марқұмның сіңлісі Клавдия Гришина апасына ай сайын барып, қал-жағдайын біліп отырғандығын айтады. Дегенмен, соңғы айларда жақындарын көруге рұқсат бермегенін алға тартты. 

"Мен әрдайым айдың басында баратынмын. Жеміс-жидекті толтырып апарып беретінмін. Ал бұл жолы жолыққан кезде мекеме қызметкерлері оның аяғы гипспен оралған, жүре алмайды деп, мені кіргізбеді. Мен жылап, кете бердім", – дейді Клавдия Гришина.

Қоғамдық ұйым 2002 жылы ашылған. Қазір мекемеде 30 қария тұрып жатқан көрінеді. Жауапты орын өкілдері тілшілерге  болған жағдайға қатысты ақпарат беруден бас тартты. Тіпті марқұмның туыстары да мардымды жауап ала алмай жүр. 

Қарияларға арналған мұндай күтім орталықтарын ешбір орган қадағаламайтын көрінеді. Жергілікті билік тек мемлекеттік қарттар үйін ғана бақылауға құзырлы. Ал ауыр жарақаттардан көз жұмған Александра Панкованың туысқандары қазір сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр