Жалғыз өзі аялдамада отырған: Шымкентте 2 жасар сәби табылды
Шымкенттік полицейлер жоғалған 2 жасар сәбиді отбасына қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сағат 23:00 шамасында Абай ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, кішкентай баланың автобус аялдамасында жалғыз отырғанын хабарлады. Оның сөзінше, баланың тілі шықпаған және жылай берген.
Абай аудандық ювеналді полициясының инспекторлары Еламан Сабыралиев пен Хамид Турсиметов оқиға орнына жедел жетіп, баланың жақындарын іздей бастады. Олар әріптестеріне баланың сипаттамасын жіберіп, жергілікті тұрғындардан сұраған. Ақырында 20 минуттан кейін сәбидің анасы табылды.
Шымкентте 22 жастағы жүкті бойжеткен өзіне қол салды
Әйел баласымен бірге серуенге шыққан. Бір сәтте сәбидің белгісіз бағытқа кетіп қалғанын анасы байқамаған. Кейін оны өздігінен іздеген.
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан
"Піштіремін деп қорқытты": Ақтөбеде университеттің экс-оқытушысы малшыны соққыға жықты деген күдікке ілінді
Бахилин бала күнінен әркімнің малын бағып келеді