Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 22 жастағы жүкті бойжеткен өзіне қол салды

Шымкентте 22 жастағы бойжеткен өзіне өзі қол салды. Болжам бойынша, ол жүкті болған. Полиция істі тергеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен аптада №18 ықшам ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілерінің сөзінше, суицид жасаған қыз пәтерде құрбысымен бірге тұрған.

Бұл үйге екеуі қайғылы оқиғаға дейін небәрі 10 күн бұрын көшіп келген. Екеуі де жұмыс істейтін, үйге тек кешкі уақытта келетін. Көршілерінің тарапынан ешқандай шағым түспеген.  

Сол күні қыздардың бірі өмірімен қош айтысты. Ол пәтерде асылып қалған. Болған оқиға туралы полицияға көршілер хабарлаған. Жедел жәрдем келіп жеткенімен, қызды құтқару мүмкін болмады. 
"Мәйітті қарау барысында сарапшылар тән жарақатын таппады. Аталған факті "суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. 



Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыздың аяғы ауыр болған. Алайда бұл болжам әзірге ресми түрде расталмады. 

Талқылау