Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жек күні мен қарсыласы анықталды
UFC жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлерімен жаңалықтарымен бөлісті. Ол келесі жекпе-жек күні мен қарсыласын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ол келесі жекпе-жектің күні мен қарсыласын анықталғанын жеткізді. Алайда қазақстандық файтер әзірге нақты ақпарат айтпады.
"Күні белгілі, қарсыласым бар. Қазір біз мотивациямен алға жылжимыз", - деді Жалғас өзінің Instagram желісінде.
Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі 4 маусымда Лас-Вегаста өтіп, ол төрешілердің бөлек шешімімен америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңіліп қалған болатын. Жалпы, UFC туы астында Жалғас бес жекпе-жек өткізді. Бірінде жеңіске жетіп, тағы төрт жекпе-жекте жеңілді. Әлемдегі ең танымал ММА лигасында ақтөбелік 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

