Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сурет үшін сотталып кете жаздаған Шырын Нарчаеваның ұлты кім

Жартылай жалаңаш суреттерімен жұртты шулатқан Шырын Нарчаева ұлтына қатысты сұрақтардың нүктесін қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay Show бағдарламасына сілтеме жасап. 

Нарчаева

«Менің үстімнен іс қозғалған кез болды. Маған бұйымдарды кемсітіп, ұлттарды бір-бірімен қақтығыстырады деген айып тағылды. Сол үшін сотқа да берді. Бірақ мен қазақ болғандықтан, сот бұл істі жапты. Егер менің куәлігімде өзбек немесе басқа ұлт өкілі екенім жазылып тұрса, онда бұл істі қозғайтын еді. Бәлкім сотталар ма едім? Бұл істі мен қазақ болғаннан кейін жапты», - дейді бойжеткен. 

Мұнымен қатар, бойжеткен жүктілігіне қатысты алып-қашпа сөздердің де нүктесін қойды. Айтуынша, қыздығын болашақ жарына сақтап жүр. 

«Мен жүкті емеспін. Бар болғаны жүктілікті музыкамның шығатын уақытымен салыстырып жүрмін. Шығармашылығым инстаграмда болады. Оны жуырда көресіздер. Бұл менің трегіме назар аударту үшін жасалып жатқан дүние. Неге мен жүктілік туралы айтады дейсіздер ғой? Себебі мен осы соңғы алты айда тек музыкамен айналысып, оны өмірге әкелетін сәбиімдей көрдім», - дейді Шырын Нарчаева. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Шырын Нарчаеваның тойға дейінгі төсек қатынасына деген көзқарасының қандай екені туралы жазған едік. 

Талқылау