Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалақымызды орынсыз қысқартып тастады": Қызылорда облысының педагогтары министрден көмек сұрады

Қызылорда облысындағы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің педагогтары министр Асхат Аймағамбетовтен көмек сұрайды. Жетпіске жуық мұғалім бір жыл бұрын білім басқармасы мен колледж басшылары кейбірімізге қысым көрсетіп, кейбірімізді алдап айлығымыздың тең жартысын қысқартып тастады дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

ұстаздар

Аграрлы-техникалық колледжде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істейтін бір топ ұстаз аз айлыққа әзер шыдап жүргендерін айтып ашынады. Айтуларынша, өткен жылы білім басқармасының және оқу орнының басшылары студент санының аздығына байланысты қаржылай қиындық туындағанын айтып, тек өндірістік оқыту шеберлерінің ғана айлықтарының тең жартысын кемітіп тастаған. Ал студент көбейсе, жалақыларыңызды бұрынғыша төлейміз дегеніне ақыр соңы алданып қалдық дейді ұстаздар. 

"Біз сендік. Басшыға да сендік, профкомға да сендік. Кеше сайланған жас орынбасарларға да сендік. Сол сенгеннен болып тұр. Біз негізі қысыммен, алдаумен жарты ставка болдық", - дейді өндірістік оқыту шебері Камила Ахметова.



Мұғалімдердің айтуынша, содан кейін оқу орнының студенттерін көбейту үшін өздері де барынша ат салысыпты. Бірақ одан да нәтиже болмай отырғанын айтады. Ең қызығы, бізге жалақы тауып бере алмай отырған директор биыл колледжге жаңадан қызметкерлер алып жатқанына таңбыз дейді оқтыу шеберлері.

"2 топ ашсақ та 0,5 жүктемемен келе жатырмыз. Толықтырып бере алмады. Енді соған қарамастан адам алмаймын деп тұрып, 14-15 адамды жұмысқа алып тастады", - дейді өндірістік оқыту шебері: Қайрат Омаров.

Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін оқу орнына қаражат студент санына қарай бөлінеді, дейді колледж директоры. Ал осыған байланысты айлықтары қысқарған қызметкерлердің мәселесін шешу үшін колледжден жаңа мамандықтарды ашуды жоспарлап отырғанын айтады.

"Бүгін таңда 15 мамандықты таңдап, сол мақсатта жұмыс жасап жатырмыз. Егер сол мамандықтарға лицензия алып, студенттер сыртқа кетпейтіндей болып жатса, әрине бұл кісілердің ставкалары толық болады. Оларға жұмыс болады", - деді Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің директоры: Жомарт Абибуллаұлы.

Уәдеге бір жылдан бері әбден тойдық деген мұғалімдер мәселеге министрдің өзі тікелей араласса деп отыр.

Талқылау