"Жаханға жауап болды": Балжан Бидаштың су жаңа әні желіде қызу талқыға түсті
Ел аузында өнері мен өмірі жиі айтылып жүрген әнші Балжан Бидаш жаңа әнін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Бүгінде өнер иесі музыкалық жобада бақ сынап, футболшы Ұлан Қонысбаевпен дуэт орындап жүр.
“Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің ютуб каналыма шығады. Қолдауларыңызды күтемін. Әннің аты – ”Қателігімсің", – деп жазды әнші.
-
"Ұланға ұрсып аламын": Балжан Бидаш "Егіз-лебіз" жобасындағы жұбы туралы пікір білдірді
-
"Құда түсіп жатыр": Балжан Бидаштың сахналық образы көпшілікті таңғалдырды
Өнер иесінің тыңдарманы бірауыздан туындыны мақтап жатыр. Алайда бұрынғы жолдасы, әзілкеш Жахан Отарғалиевті де пікірге қосты.
“Мықты қыз”, “Әнің керемет екен”, “Бұл қыздың қателігі – Жахан,” “Мынау не ән, одан да үйде отырғаның жақсы еді?!”, “Сәттілік Балжан қызым, өнерің өрге жүзсін! Екеуі екі жақтап шоу бизнестерін дамытуда, шоу-бизнес болғасын сол образда болады, ал былай екеуі де өте шынайы, өте жарасымды жұп, қосылғандарын тілеймін”, “Жаханға жауапты әнмен қайтарды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Айта кетейік, Балжан әзілкеш, шоумен Жахан Отарғалиевпен үйленіп, ажырасқан еді. Отбасылық түсініспеушілік салдарынан әзілкештің денсаулығы сыр беріп, шетелден емделіп келді.

"Мақсатыма жету үшін екі жұмыс істеп жүргем": 1 миллион теңге шәйпұл алған қазақстандық даяшы көз жасына ерік берді
