Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жахан ұрды ма?": Балжан Бидаштың тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы видеосы желіде қызу талқыға түсті

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке парақшасына отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы бейнеролик жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесі болашақ жар таңдаған кезде қателеспеу керегін айтып, құрбыларына кеңес берді. 

“Отбасы құру – бақыт, бірақ оны шаттыққа толтыру – нағыз бақыт! Алақанда аялайтын, шынымен бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын, құрбым”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сүйікті әншілерін қолдап жатыр. Енді бірі танымал әзілкеш Жахан Отарғаливтен ажырасқанын дұрыс қадам деп бағалады. 

“Өткен өмірін де әдемі жеткізіпті”, “Жахан ұрмаған. Оған дейін апармады Балжан. Жай ғана тыныш артқа шегініп, алшақтады. Оның да абюз болуы мүмкін еді. Жаханды зерттеп тастағам. Өзінікін болдырмаса қоймайтын энергияға толы адам. Бұл қызды үнсіз басып тастады. Ашуын көріп Балжан болашағын түсіне қойып, тордан шығайын деді. “Ашуланбай қарайтын” деген сөзінде мән бар. Жахан оқитынын біліп, әдейі жазды”, “Бағың жансын, Балжан”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, әншінің жақында жарық көрген әні ел талқысына түскенін жазған едік. 

 

Талқылау