Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматыға келгелі көшіп жүрмін": Балжан Бидаш пәтер ала алмай жүргенін айтып, жан сырын ақтарды

Танымал әнші Балжан Бидаш қайтадан жалдамалы пәтерге көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесі жеке парақшасында заттарын жинап жүргенін көрсетіп, пәтер алмастыратынын айтты. 

“Пәтер қарауға келдім. Қашан менің өз пәтерім болады екен?! Алматыға келгелі көшіп жүрмін. Киімдерімнің өзі 5-6 чемодан болып тұр. Ағам үнемі көшіріп жүреді. Шаршаған да шығар. Мен де өзімнің үйім болғанын армандаймын”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі пәтер алмастырып жүрсе де, су тасқынынан зардап шеккендерге арнап жеке картасына халықтан ақша жинап, көмек берді. 

“Ертең судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберемін. Менің жеке нөмеріме ерінбей 500 теңге болсын жібере беріңіздер! Қанша жиналғанын көрсетемін. Сіздерге сауаптан жазсын! Міне, біз базарға келдік. Суға киетін арнайы киім аламыз деп шештік. Халыққа ыдыс-аяқтан бастап, басқа да құрал-жабдықтарды аламыз. Арнайы киімнің бағасы – 13 мың теңге. Содан 30 штук аламыз”. Қазір біздің шотта 1 миллион 616 мыңнан астам ақша бар”, – деп жазды әнші. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Еске салайық, Балжан Бидаштың су жаңа әні желіде қызу талқыға түскенін жазған едік. 

Айта кетейік, Балжан әзілкеш, шоумен Жахан Отарғалиевпен үйленіп, ажырасқан еді. Отбасылық түсініспеушілік салдарынан әзілкештің денсаулығы сыр беріп, шетелден емделіп келді.

Талқылау