Halyk Bank және "Халық" қорының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік табысын аударады
Еліміздегі ірі банк пен "Халық" қайырымдылық қорының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өздерінің бір күндік табысын аудару туралы бастама көтерді. Осылайша, банк басшылығы аударым сомасын 2 есе көбейтіп, 450 млн теңгеге дейін жеткізу туралы шешім қабылдады.
Фото ТЖМ баспасөз қызметінен
Қызметкерлерден жиналған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 200 млн теңге болды.
Бұған дейін Halyk Bank және "Халық" қайырымдылық қоры су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін өз қаражатынан 1 млрд теңге аударған еді. Осылайша, Halyk Bank пен "Халық" қорынан көрсетілген көмектің жалпы сомасы 1,45 млрд теңгеге жетті.
Halyk корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидатын ұдайы ұстанады және әрқашан қиындыққа тап болған отандастарына көмектеседі. Банк жиналған қаражат үйі мен мүлкінен айырылған адамдарға қиын кезеңдерден өтуге көмектеседі деп үміттенеді.
"Halyk Bank және "Халық" қайырымдылық қорының әрбір қызметкері зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуды өзінің міндеті деп санады. Сонымен қатар біздің көптеген әріптестеріміз төтенше жағдай режимі енгізілген өңірлерде тұрады және жұмыс істейді. Жұмысшылардың ешқайсысы шетте қала алмады. Біз су тасқынының жойқын зардаптарынан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен жанашырлық танытамыз. Бұл – еліміздің тарихындағы ең үлкен табиғи апат. Қазір бұрынғыдан да күш біріктіріп, біздің қолдауымызға мұқтаж адамдарға көмектесу маңызды. Тек бірлескен күш-жігермен біз осы қиын кезеңді еңсеріп, табиғи апаттың салдарын жоя аламыз. Біз сіздермен, отандастарымызбен біргеміз", – делінген Банк пен Қайырымдылық қорының хабарламасында.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"