"Жағажайда туфлимен жүр": Мәдина Сәдуақасова күлкіге қалды
Мәдина Сәдуақасова отбасымен Дубайға демалуға кетті. Әнші туристердің мекеніне айналған шаһарға жете салысымен, демалыстан фотолар жариялады. Сәдуақасова жағажайда туфли киемін деп сынға қалды, деп жазады Stan.kz.

Алайда желі қолданушылары әншінің жазбасынан бөлек, суретін қызу талқыға салды. Купальник пен туфли киіп алған Мәдинаны көпшілік түсінбей, сынға алды.
"Әдемі, бірақ туфлимен тұрғаныңыз біртүрлі екен. Одан да жалаң аяқ дұрыс еді", "Көл жағасында биік тақа туфлимен жүре ма екен, Дубайда?", "Жағажайда туфлидің не керегі бар? Біздің жұлдыздарға өзін көрсетудің басқа жолы қалмады ма?" – деп жазды олар.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды