Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірден 85000 теңге тағайындалады: Тоқаев Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкенттің жұмыссыз тұрғындарын аймақтарға жіберуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантинге байланысты жұмыссыздықпен қалай күресу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

"Карантин шаралары қабылданғаннан кейін Нұр-Сұлтан Алматы және Шымкент қаласында жұмысқа жарамды тұрғындардың, әсіресе, жастардың саны күрт артты. "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында үкімет пен әкімдіктерге аталған аймақтарда бірқатар жобалар іске асырған жөн. Шлагбаум маңын торуылдап жүрмес үшін қазақстандықтардың табысы жоғары болуы шарт. "Жұмыспен қамту жол картасы" жобасы бойынша жұмысқа ілінгендерге 2 ЕТЖ немесе 85000 теңге көлемінде алғашқы  жәрдемақы тағайындалады. Бұл қалыпты жалақыға үстемақы ретінде қосылады", - деді президент. 

Бұған қоса мемлекет басшысы жұмыс беруші тарапқа қойылатын басты талапты атап кетті. 

"Жұмысқа орналасушыларға коронавирусқа сынамалар алынып, жергілікті әкімдіктер түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады. Бұған қоса аталмыш жоба аясында жұмысқа тартылғандарға тиісінше жағдай жасалып, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Бұл жұмыс беруші тарапқа қойылатын басты міндет", - деп қосты Тоқаев.


Тоқаев: 42500 теңге ресми түрде жұмыссыз қалғандардан бөлек, табыссыз қалған барша қазақстандыққа беріледі

Талқылау