Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақының бір бөлігін алғаны үшін салынатын салықты бөліп төлеу ұсынылды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Сенат салық кодексіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алған кезде төленетін салықты кейінге шегеруді қарастырады.

"Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10 пайызын бір реттік салық ретінде төлеу керектігі белгілі. Оны қазіргідей кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан аталған салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылып отыр. Оның өзінде, бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді", – деді Мәулен Әшімбаев.

Одан бөлек, заң жобасына мемлекет басшысының инвесторларға қолдау көрсетуге арналған бастамаларын іске асыру үшін тиісті нормалар енгізілді.

"Инвестицияның көлеміне, мерзіміне және жұмыс істейтін орынға байланысты инвесторлар 10 жылға дейін корпоративті табыс салығынан, жер салығынан, қосылған құн салығынан және мүлік салығынан босатылады. Бұл қадам қазіргідей күрделі кезеңде ел экономикасына инвесторлар тартып, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қажет. Бұл түзетулерді сенаторлар мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ұсынып отыр", - деп атап өтті сенат төрағасы.

Талқылау