Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 300 миллиардтан астам теңге бөлінеді
Зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 300 миллиардтан астам теңге бөлінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, бұл қаражат макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға бағытталады.
"Осы қаражат есебінен 1 сәуірден бастап әлеуметтік төлемдерді индекстеу және шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты шығыстарды жабу жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 315,6 миллиард теңге бағытталады", - деді Смайылов.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған