"Зерттеп жүрмін": Айжұлдыз Адайбекова марқұм әкесінің қандай адам болғанынан бейхабар екенін айтты
Танымал актриса, әнші, модель Айжұлдыз Адайбекованың әкесі туралы жазбасы оқырманды сүйсінтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Негізі әкеме ұқсаймын. Әсіресе мінезім. Ол кісіні әлі күнге дейін зерттеудемін. Қандай адам болды, қандай іс атқарды?! Сүйікті хоббиі мен адамдарға қарым-қатынасы қандай болды екен деп ойлаймын. Аз ғұмырда нені армандады және ол орындалды ме екен?! Маған өте қызық. Осындай адамның ұрпағы болғаныма шүкір”, – деді өнер иесі.
Еске салсақ, осыдан 28 жыл бұрын әкесі жол апатынан қайтыс болған еді. Сол уақытта Айжұлдыз анасының құрсағында жеті айлық болып қалған.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда