Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлесті
Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Саясаткерлердің екеуі де бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мен Дональд Трамппен оны республикалық партияның атынан президент сайлауына қатысатын кандидат атануымен құттықтау үшін және Пенсильваниядағы жан түршігерлік қастандық әрекетті айыптау үшін сөйлестім. Оған күш-жігер, қауіпсіздік тіледім", – деп жазды Владимир Зеленский.
Оның сөзінше, Трамппен әңгімеде ол "Украинаның бостандығы мен тәуелсіздігін АҚШ-тың қос палатасы мен қос партиясының қолдауы маңызды" екенін атап өткен. "Әлемді әділетті әрі берік ететін" қадамдарды екі саясаткер жеке кездесу кезінде талқылауға келіскен.
Трамп Зеленскиймен "өте жақсы" әңгімелескенін айтып, "АҚШ-тың президенті болған жағдайда соғысты тоқтатып, әлемге бейбітшілік әкелуге" уәде берді.
АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылы 5 қарашада өтеді.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды